388,07 428,20 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстандық әскерилер Seoul ADEX-2019 көрмесіне қатысып жатыр

  • 234
  • UPD: 11:53, 16.10.2019
Қазақстандық әскерилер Seoul ADEX-2019 көрмесіне қатысып жатыр

Оңтүстік Корея астанасы Сеул қаласында Seoul ADEX-2019 қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі халықаралық көрмесі өтуде.

Оған қазақстандық әскерилер де қатысып жатыр, деп хабарлайды Елорда Инфо ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстандық делегацияның қатысуы Қазақстан Қорғаныс министрлігі мен Корея Республикасының Ұлттық Қорғаныс министрлігі арасындағы екі жақты әскери ынтымақтастық жоспарында көзделген.

Ұйымдастырушылардың ақпараты бойынша, «Seoul ADEX» – әскери саланың соңғы жетістіктерін көрсету, сондай-ақ әскери саладағы жаңа технологиялармен алмасу алаңы. Көрмеде қару-жарақ пен әскери техниканың үлгілерін, аэроғарыштық және қорғаныс өнеркәсібі саласындағы озық әлемдік әзірлемелер таныстырылады.

Дәстүрлі түрде оның алаңында қатысушылардың, жеткізушілер мен әскери мамандардың кездесулері мен іскерлік келіссөздері өтеді.

Іс-шара 18 қазанға дейін жалғасады.  

Хабар 24 телеарнасы