387,14 428,20 6.07
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ҚР СІМ Беларусь президентінің Қазақстанға сапарының мақсатын айтты

  • 191
  • UPD: 17:37, 21.10.2019
ҚР СІМ Беларусь президентінің Қазақстанға сапарының мақсатын айтты Интерфакс

24-25 қазан күндері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруы бойынша Беларусь Республикасының президенті Александр Лукашенко Қазақстан Республикасына ресми сапармен келеді, деп хабарлайды Елорда Инфо ҚР Президентінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жоғары деңгейде өтетін келіссөздер барысында Қазақстан мен Беларусь арасындағы стратегиялық серіктестіктің ахуалы мен перспективалары талқыланатын болады.

Сонымен қатар мемлекет басшылары ТМД, Еуразиялық экономикалық одақ және басқа да көпжақты құрылымдар аясындағы екі елдің өзара ықпалдастығын дамыту, сондай-ақ өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі маңызды мәселелер жөнінде пікір алмасады деп жоспарлануда.

Сапар қорытындысы бойынша екіжақты бірқатар келісімге қол қойылады.

Хабар 24 телеарнасы