387,14 428,20 6.07
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Александр Лукашенко «Хабар» Агенттігіне эксклюзивті сұхбат берді

  • 151
  • UPD: 22:39, 21.10.2019

Беларусь президенті Александр Лукашенко Қазақстанға жасайтын ресми сапарының алдында «Хабар» Агенттігіне эксклюзивті сұхбат берді.

Агенттіктің басқарма төрағасы Ерлан Бекхожинмен өрбіген әңгімеде мемлекет басшысы Минск пен Нұр-Сұлтанның арасындағы байланыс туралы ойын айтты. Бұдан бөлек біздің елдің мұнайын Беларусь сатып ала ма, жоқ па? Еуразиялық экономикалық одақтың дамуына кедергі болып тұрған қандай проблема? Міне осы сынды бірқатар сауалдарға Президент жауап қатып, Беларусьтың астанасын басқа қалаға неліктен көшірмегенін мәлімдеді. Сондай-ақ Александр Лукашенко жекелеген сұрақтарға да жауап берді. Сұхбаттың толық нұсқасын жақын күндері «Хабар» Агенттігінің арналарынан көре аласыздар.

Хабар 24 телеарнасы