388,07 428,20 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Нұрсұлтан Назарбаев Владимир Зеленскиймен кездесті

  • 259
  • UPD: 18:14, 22.10.2019

Жапонияға сапары барысында Елбасы Украина Президентімен кездесті.

Нұрсұлтан Назарбаев Владимир Зеленскийді сайлаудағы жеңісімен құттықтап, алдағы қызметіне табыс тіледі. Сонымен қатар Қазақстанның Тұңғыш Президенті Украиндағы жағдайға байланысты алаңдаушылық білдіріп, елдің оңтүстік-шығысындағы шиеленісті бейбіт жолмен реттеудің маңызын атап өтті. Екі мемлекет ынтымағын нығайту, өзара тауар айналымын арттыру мәселелері де екеуара әңгімеге арқау болды.

Владимир Зеленский, Украина президенті:

– Біз ең әуелі экономикалық сапалы өзгерістерді көздейміз. Құқық қорғау жүйесін жаңартып жатырмыз. Әрине мұның бәрі тұрғындар көптен бері күткен жаңашылдықтар. Ең бастысы сайлаудың өзі тыныш өтті. Бұл маңызды. Мен Нью-Йорктегі кездесуде Тоқаев мырзаны Украинаға сапармен келуге шақырдым, осы сәтті пайдаланып, Сізге де еліме келіңіз демекпін. Украина әркез Қазақстанның бастамаларын қолдайды әрі сізге алғыс айтады. 

Елбасының Жапонияға сапары ертең де жалғасады. Сапар кезінде Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар кездесу өткізеді деп жоспарланып отыр.

Хабар 24 телеарнасы