428,35 499,00 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жапониядан инвестиция тартуға жаңа мүмкіндіктер туды – Сарапшылар

  • 615
  • UPD: 22:47, 24.10.2019

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Жапонияның жаңа императорын ұлықтау рәсіміне Орталық Азия елдерінен барған ең құрметті қонақ.

Бұл Жапонияның біздің елге деген көңілін, құрметін аңғартады. Отандық сарапшылардың ортақ ойы осы. Олар Жапония соңғы уақытта Шығыс және Оңтүстік Азия елдеріндегі жобаларға қызығушылық танытып отыр. Демек, Қазақстан экономикасына жапондық инвестиция тартуға жаңа мүмкіндіктер туатыны сөзсіз дейді.

Лидия Пархомчик, ҚР Тұңғыш президенті қоры жанындағы әэси сарапшысы:

- Технологиялық прогресстерге негізделген жапондық «абэномика» мен біздің «Нұрлы жол» экономикалық дамудағы стратегиялық бағытымыздың ұқсастығы, инвестиция тартуға үлкен мүмкіндік береді. Нұрсұлтан Назарбаевтың Жапон еліне сапары жылдар бойы қалыптасқан ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға ықпал етеді деп түсіну керек. 

Антон Бугаенко, ҚР Тұңғыш Президенті қоры жанындағы әэси сарапшысы:

- Бұл ынтымақтастық Қазақстан үшін тиімді, себебі жапондық инвестицияның қарқыны мықты. 2019 жылдың басында бұл көрсеткіш 6 млрд долларға жуықтаған болатын. Сәйкесінше, егерде біз Қытай, Жапония сынды елдермен бірлескен инвестициялық бағдарламаларды одан әрі кеңейтетін болсақ, озық технологияға қол жеткізіп, қаржылық мәселелерді шешуге мүмкіндік алар едік.

Хабар 24 телеарнасы