388,28 427,67 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елбасы Испанияның бұрынғы королімен телефон арқылы сөйлесті

  • 207
  • UPD: 23:53, 24.10.2019
Елбасы Испанияның бұрынғы королімен телефон арқылы сөйлесті

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Испанияның бұрынғы Королі Хуан Карлос I-мен телефон арқылы сөйлесті.

Теннис матчының алдында Рафаэль Надаль Нұрсұлтан Назарбаевқа Испанияның бұрынғы Королі Хуан Карлос I-дің жылы лебізін жеткізді. Елбасы теннисшіге алғыс айтып, өзінің досына сәлем айта баруын өтінді.

«Осы кезде Рафаэль Надаль Испанияның бұрынғы Короліне телефон шалып, тұтқаны Қазақстанның Тұңғыш Президентіне берді. Осылайша қайырымдылық теннис матчының алдында Елбасы мен Хуан Карлос I екеуі телефон телефон арқылы қысқа ғана әңгімелесті», деп жазды Айдос Үкібай Twitter-дегі парақшасында.

Хабар 24 телеарнасы