388,28 427,67 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Президенттік жастар кадрлық резерві жобасы шетелде таныстырылды

  • 175
  • UPD: 23:27, 25.10.2019

Президенттік жастар кадрлық резерві жобасы Сингапурда таныстырылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сингапур мемлекеттік қызмет колледжі ұйымдастырған халықаралық форумға қатысқан Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің өкілдері жаңа бағдарламаны көпшілік назарына ұсынды. Бұл ауқымды жиынға Азия-Тынық мұхиты аймағының 9 елінен келген делегаттар қатысты. Диалог алаңында әсіресе Қытай мен Үндістан тарапы Қазақстанның дарынды жастарды мемлекеттік қызметке тарту тәжірибесіне тәнті болды. Олар атап айтқанда, кадрлық резервті қалыптастыру, іріктеу рәсімдері және оның ашықтығына баса назар аударды.

Жандос Сәрсен, Нұр-сұлтан қалалық мемлекеттік қызмет істері департаментінің басшысы:

- Тәжірибе алмасу бойынша ең үздік жақсы бір платформа болды деп айтуға болады. Өйткені осындай көптеген елдердің қатысуы мен мемлекеттік қызмет мемлекеттік басқару саласында пікір таласу мен тәжірибе алмасу біз үшін өте маңызды. Бұл жоба Азия Тынық мұхиты аумағындағы өкілдері арасында Үндістан, Қытай елдері арасында сонымен қатар Сингапурда қызығушылық танытты.

Хабар 24 телеарнасы