418,17 495,30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстан мен Түркия әскери ынтымақтастық орнатпақ

  • 609
  • UPD: 14:39, 30.10.2019
Қазақстан мен Түркия әскери ынтымақтастық орнатпақ

Қазақстан мен Түркия бірлескен әскери оқу-жаттығуларын өткізіп, бітімгершілік миссияларына қатысады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бүгін Мәжіліс депутаттары екі ел арасындағы әскери ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялауды көздейтін заң жобасын мақұлдап, Сенаттың қарауына жіберді. Бұл құжат күшіне енсе, қос мемлекеттің әскери қызметкерлері картография, гидрография, медициналық көмек салаларында байланыс орнатады. Сондай-ақ бұл құжатта қазақстандық курсанттардың Түркияда әскери білімін жетілдіру қарастырылған. Мұндай мүмкіндік түрік тарапы үшін де жасалып отыр. Бұл осымен Түркиямен әскери қарым-қатынасты дамытуға бағытталған үшінші құжат.

Бақтықожа Ізмұхамбетов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

– Бұл екі келісімнің ішінде кемшіліктер болды. Атап айтқанда кейбір шарттары екі елдің қолданыстағы заңдарына сай келмеді. Одан басқа өткізілетін іс-шаралардың қаражатының өтелу шарттары келісімдерде нақты қаралмаған болып шықты. Сондықтан осы олқылықтарды жою үшін барлық бағыттар нақтыланып, осы келісімде қаралып отыр.

Хабар 24 телеарнасы