386,68 428,91 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Асқар Мамин Нидерланд премьер-министрімен кездесті

  • 189
  • UPD: 09:44, 31.10.2019
Асқар Мамин Нидерланд премьер-министрімен кездесті

ҚР премьер-министрі Асқар Мамин Гаага қаласына ресми сапары аясында Нидерланд премьер-министрі Марк Рюттемен келіссөздер жүргізді, сондай-ақ Қазақстан‒Нидерланд бизнес-форумының ашылуына қатысты, деп хабарлады primeminister.kz.

М. Рюттемен кездесу барысында сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты, энергетика, қаржы, көлік-логистика, ауыл шаруашылығы, АТ, ғылыми салалардағы өзара іс-қимылды одан әрі кеңейту перспективалары талқыланды.

«ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның Нидерландымен тұрақты серіктестік өзара қарым-қатынастарының негізін салды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бейбітшілікті жақтаушы көпвекторлы сыртқы саясаттың сабақтастығын сақтайды және екіжақты ынтымақтастықты нығайтуға ерекше көңіл бөледі», – деді А. Мамин.

Нидерланд – Қазақстанның Еуропадағы негізгі сауда-экономикалық және инвестициялық серіктестерінің бірі. Тәуелсіздік жылдары Нидерландтан Қазақстанға тікелей инвестициялардың жалпы ағымы $92 млрд-тан асты. ҚР-да Нидерланды капиталының қатысуымен 900-ден астам кәсіпорын жұмыс істейді. 2018 жылдың қорытындысы бойынша екіжақты тауар айналымы $6,5 млрд құрады.

Өз кезегінде, М. Рютте Қазақстан премьер-министрінің Нидерландқа ресми сапары екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамытуға елеулі серпін беретініне сенім білдірді.

 

Хабар 24 телеарнасы