386,20 429,31 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мәулен Әшімбаев Сыртқы саяси зерттеулер институтының басшысы болды

  • 301
  • UPD: 09:48, 31.10.2019
Мәулен Әшімбаев Сыртқы саяси зерттеулер институтының басшысы болды

Сыртқы істер министрлігінде «Сыртқы саяси зерттеулер институты» АҚ Директорлар кеңесінің бірінші отырысы өтті.

«Отырысты ашқан Министр Мұхтар Тілеуберді Директорлар кеңесінің мүшелерін сайлануымен құттықтап, отырысқа қатысушыларды Сыртқы саяси зерттеулер институтының мақсаттары және міндеттерімен таныстырып, жемісті жұмыс тіледі. Директорлар кеңесін ҚР Президентінің көмекшісі Мәулен Әшімбаев басқарды», - деп хабарлады Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.

Институттың негізгі міндеті – Қазақстан Республикасы сыртқы саясатының басым бағыттарын іске асыру бойынша практикалық ұсынымдар әзірлеу, әлемдік саясат пен экономикада, ұлттық және халықаралық қауіпсіздік саласында өзекті трендтерді сараптау.

Хабар 24 телеарнасы