432,62 508,50 5.48
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қ.Тоқаев Пәкістан президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады

  • 809
  • UPD: 19:18, 31.10.2019
Қ.Тоқаев Пәкістан президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Пәкістанда жолаушылар поезында болған өрт салдарынан көптеген адамның қаза тапқаны және жарақат алғаны туралы қайғылы хабарды зор күйзеліспен қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың ресми сайты.

«Қазақстан халқы мен жеке өзімнің атымнан Сізге және қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтып, орны толмас қайғыға ортақтасамын. Сондай-ақ жантүршігерлік оқиға кезінде зардап шеккен азаматтардың тезірек сауығып, отбасыларына оралуына тілектеспін», – делінген жеделхатта.

Хабар 24 телеарнасы