378,36 406,00 5,78

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Асқар Мамин Өзбекстан Президентімен кездеседі

  • 467
  • UPD: 11:03, 01.11.2019
Асқар Мамин Өзбекстан Президентімен кездеседі kazgazeta.kz

2019 жылғы 2 қарашада Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Асқар Мамин Ташкент қаласында (Өзбекстан Республикасы) Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің Үкімет Басшылары Кеңесінің отырысына қатысады, деп хабарлады primeminister.kz.

Ташкентте Қазақстан Премьер-Министрі Асқар Мамин мен Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевтің кездесуі өтеді.

ШЫҰ ҰБК отырысының күн тәртібінде – ШЫҰ мүше мемлекеттерінің сауда-экономикалық және инвестициялық салалардағы одан әрі өзара іс-қимылының перспективалары мен өзекті мәселелері. Қорытындысы бойынша сауда, ауыл шаруашылығы, экология, цифрландыру, транзит және көлік салаларында бірқатар құжаттарға қол қою жоспарланған.

Хабар 24 телеарнасы