388,07 428,20 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елбасы бірқатар тағайындау жүргізді

  • 284
  • UPD: 17:20, 01.11.2019
Елбасы бірқатар тағайындау жүргізді

Мемлекет басшысының Жарлығымен Ғабит Бейбітұлы Қойшыбаев Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалды.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Сонымен қатар Мемлекет басшысының Жарлығымен Тимур Владимирұлы Пірімбетов Қазақстан Республикасының Латвия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалды.

Ал Литва Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Виктор Валерийұлы Темірбаев Қазақстан Республикасының Латвия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарудан босатылды.

Сондай-ақ Мемлекет басшысының Жарлығымен Теміртай Рымтайұлы Ізбастин Қазақстан Республикасының Болгария Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалды.

 
Хабар 24 телеарнасы