386,20 429,31 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Дариға Назарбаева жұмыс сапарымен Павлодар облысына барды

  • 261
  • UPD: 20:42, 01.11.2019

Парламент Сенатының төрағасы Дариға Назарбаева жұмыс сапарымен Ертіс өңіріне барды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алдымен облыстық және қалалық мәслихат депутаттарымен кездесіп, аймақтағы заң шығару органдарының өзара іс-қимыл мәселелерімен танысты. Павлодарлық халық қалаулылары аймақты дамытудың өзекті мәселелері туралы айтты. Сонымен қатар амбулаторлық көмек көрсету тарифтерін арттыру, құрылыстың сапасы мен қауіпсіздігі, оқушыларды ыстық тамақпен қамтамасыз ету және экология мәселелеріне қатысты әңгіме өрбіді. Осыдан кейін Дариға Назарбаева С.Торайғыров атындағы ғылыми әмбебап кітапханасында облыстық және қалалық қоғамдық кеңес мүшелерімен кездесті. Сонымен қатар Сенат төрағасы «Павлодар» арнайы экономикалық аймағында байытылған алюминий өндіру зауытының жұмысын және инвесторларға арналған жағдайларды көріп шықты. Д. Назарбаева байытылған алюминий шығаратын және оның жеңіл балқымасынан автомобиль дискілерін жасайтын «Гиссенхаус» зауытының да жұмысымен танысты.

Еске салсақ, кәсіпорын 2017 жылы іске қосылған болатын. Оның жылдық жобалық қуаты – 5400 тонна.

Дариға Назарбаева, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:

– Сенаттың басты мақсаты – барлық деңгейдегі мәслихаттармен тиімді қарым қатынас орнатып, бірлесе әрекет ету. Бүгінде палатаның басым бөлігі аймақтардан жасақталады. Олар бізді әр облыспен байланыстыратын буын. Заң жобалары, мемлекеттік бағдарламалар, өңірлерді дамыту, аумақтық дамыту бағдарламалары - бұл мәселелер бірлесіп қаралып, талқылану керек. Сонымен қатар бұл тұрғыда бірлесіп еңбек ету қажет.

Сенат төрағасы павлодарлық жастармен де кездесті. Алдымен оқушыларды «Жас Ұланның» қатарына қабылдаудың салтанатты шарасына қатысты. Кейін «Жасыл ел» студенттік еңбек отрядтарының кезекті мусымының жабылу шарасына қатысты.

Хабар 24 телеарнасы