387,38 428,91 6.08
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АӨСШК мәдени орталықтарының азаматтық форумы өтті

  • 155
  • UPD: 23:16, 05.11.2019

Қазақстан халқы Ассамблеясы Азиядағы өзара сенім шаралары кеңесі ұлттық-мәдени орталықтарының азаматтық форумын өткізді.

Қатысушылар аймақтағы тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету жайын талқылап, 2025 жылға дейінгі қоғамды дамыту тұжырымдамасының негізгі бағыттарын қарады.

Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Жансейіт Түймебаевтың айтуынша, ұйым елдегі азаматтық қоғамды дамытудың сенімді құралдарының бірі. 

Жансейіт Түймебаев, Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары:

- Келер жылы Ассамблеяның 25 жылдығы қоғамдағы жаңа белес болмақ. Бүгінгі форумның да біз үшін маңызы зор. Азаматтық қоғам мен мемлекеттің етене жақын болуы қашан да жақсы нәтижелер көрсетеді.

Хабар 24 телеарнасы