384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Омбыда Қазақстан – Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумы басталады

  • 393
  • UPD: 17:57, 06.11.2019
Омбыда Қазақстан – Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумы басталады

Бүгін Омбы қаласында Қазақстан мен Ресейдің 16-өңіраралық ынтымақтастық форумы басталады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Биылғы басқосуға шекаралас әріптестікті дамытудың өзекті мәселелері арқау болмақ. Басты отырысқа екі ел президенттері Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин қатысады деп жоспарланып отыр. Сонымен қатар жиын барысында кәсіпкерлер кездесіп, түрлі сала бойынша келіссөздер жүргізеді. Мәселен, «Отандастар» қоры «Атамекен» іскерлік үйі» атты бизнес форумын ұйымдастырды. Онда Ресейде тұратын қандастарымыз бас қосып, бірлескен жобаларды жүзеге асыру жолдары қарастырылды. Қазір елімізде «Қазақ картасы» әзірленіп жатыр. Ол жырақта жүрген ағайындарға біздегі мемлекеттік бағдарламаларға қатысуға мүмкіндік береді.

Әзімхан Аусатов, «Отандастар» қорының ресми өкілі:

– Біздің басты жоба – «Қазақ үйі». «Қазақ үйі» іскерлік - мәдени үйі деп аталады. Ол негізі өзі 2 бөліктен тұрады. Біріншісі, мына «Атамекен»жобасы. Сол жерде біз Қазақстанда қандай жобалар қолданылатынын айтып береміз. Артынан олардың не істей алатынын, не қажет екенін, мұқтаждықтарын сұрап білеміз.

Хабар 24 телеарнасы