387,38 428,91 6.08
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбе облысының Ресеймен тауар айналымы артып келеді

  • 124
  • UPD: 11:03, 06.11.2019
Ақтөбе облысының Ресеймен тауар айналымы артып келеді

Қазақстан мен Ресейдің аймақаралық ынтымақтастық форумына Ақтөбе облысының делегациясы да қатысады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өңір – екі елдің байланысын арттыруда таңдаулы аймақтардың бірі. Солтүстіктегі көршімен түрлі саладағы қарым-қатынасы жыл өткен сайын қарқын алып келеді. Тек биылғы қаңтар мен шілде айларында тауар айналымы 586,6 млн АҚШ долларын құраған. Оның ішінде, экспорттың да үлесі бар. Негізінен Татарстан Республикасы және Орынбор облысымен байланыс мығым. Азық-түлік, өндіріс, бизнес және мәдениет салалары бойынша қарым-қатынас артуда. Мамандардың айтуынша, арадағы алыс-беріс одан әрі нығая бермек. Себебі, жуырда ғана ақтөбелік делегация Татарстанда болып, тағы да бірқатар келісімдерге қол жеткізді.

Ерсайын Сүйінов, ақпараттандыру және сыртқы байланыстар басқармасының бас маманы:

– Қазіргі күні Ақтөбе облысының Орынбор өңірімен тауар айналымы артуда. Тек биылғы жартыжылдықта 44 млн АҚШ долларынан асты. Ал Татарстанмен 19 млн доллардан жоғары. Бұл ретте Ақтөбе облысы байланысты нығайта бермек. Яғни, бұған дейін қол жеткен келісімді орындауымыз қажет.

Хабар 24 телеарнасы