387,38 428,91 6.08
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Н.Нығматулин: Қаржы халықтың ең маңызды мәселелерін шешуге жұмсалуы тиіс

  • 147
  • UPD: 12:07, 06.11.2019
Н.Нығматулин: Қаржы халықтың ең маңызды мәселелерін шешуге жұмсалуы тиіс

Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулинннің төрағалығымен өтіп жатқан жалпы отырыста мемлекетіміздің әкімшілік-аумақтық құрылысы, мемлекеттік басқару жүйесін және бюджетаралық қатынастарды жетілдіру мәселелеріне қатысты заң жобасы бірінші оқылымда талқыланды.

Осы заң жобасының маңыздылығына айрықша назар аударған Н. Нығматулин әсіресе, заң жобасында көрсетілген шағын және орта бизнестен түсетін корпортивтік табыс салығы түсімдерін жергілікті бюджетке беру жайына баса көңіл бөлді. Бұл туралы Мәжіліс аппаратының баспасөз қызметі хабарлады.

«Шын мәнінде осы корпоративтік табыс салығын жергілікті бюджетке беру туралы шешім өте орынды, өте қажетті. Енді жергілікті атқарушы органдар түсетін барлық қаржыны халықтың ең маңызды мәселелерін шешуге жұмсау қажет», - деді Мәжіліс төрағасы.

Өз сөзінде қаражат түсті екен деп оңды-солды бағдарламалар ойлап таппай, қаражаттың әрбір азаматтың игілігіне тиімді жұмсалуын қатаң бақылауға алу керектігін атап өтті.

Сондай-ақ Палата Спикері корпоративтік табыс салығынан түскен қаражат аймақ тынысына серпін беріп қана қоймай, шағын кәсіпкерліктің дамуына да жол ашу керек екенін де айтты.

Талқылау соңында Мәжіліс төрағасы бүгінгі айтылған барлық ұсыныс-пікірлер екінші оқылымға дейін жан-жақты пысықталу керектігін тапсырды.

Хабар 24 телеарнасы