387,38 428,91 6.08
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде бизнесті қолдауға бағытталған қаржы 1,5 есеге артады

  • 129
  • UPD: 13:36, 06.11.2019
Елімізде бизнесті қолдауға бағытталған қаржы 1,5 есеге артады

«Бизнестің жол картасы» мемлекеттік бағдарламасының келесі бес жылдығына бөлінетін қаржы бір жарым есеге ұлғаяды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Яғни бағдарламаны жүзеге асыруға 421 млрд теңге қарастырылады. Бұл туралы Үкімет отырысында еліміздің Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов мәлімдеді. Оның айтуынша «Бизнестің жол картасы - 2025» мемлекеттік бағдарламасының жаңа жобасы әзірленді. Онда көзделген нысаналы индикаторлар еліміздің 2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарына сай келеді. Яғни жалпы ішкі өнімдегі шағын және орта бизнестің үлесін 35 процентке, өңдеуші өнеркәсіптің үлесін 13 жарым процентке жеткізу жоспарланған.

Руслан Дәленов, ҚР ұлттық экономика министрі:

– Бизнесті жүргізу шарттары түбегейлі жақсарады. Кедергілер төмендетіледі және рұқсат беру құжаттарының тізбесі қысқарады. Шағын және орта бизнесті дамыту үшін ынталандыру шаралары қабылдануда. Біздің міндетіміз – іскерлік ортаны жетілдіру, бұл экономиканың өсуіне ықпал етеді. 2025 жылы экономиканың үштен бірінен астамы шағын және орта бизнеске тиесілі болады. Ал 2050 жылға қарай шағын және орта бизнес жалпы ішкі өнімінің жартысын құрайды.

Хабар 24 телеарнасы