387,09 428,20 6.07
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ресейде Назарбаев мектептері ашылуы мүмкін

  • 212
  • UPD: 22:37, 07.11.2019

«Ресеймен шекарадағы өткізу пунктері ескірді. Қолданыстағы инфрақұрылымды жаңарту қажет». Ресейдің Омбы облысында өтіп жатқан өңіраралық ынтымақтастық форумында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев осылай деді.

Кеңейтілген отырыс барысында екі елдің президенттері аймақаралық әріптестікті арттыру жолдарын талқылады. Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Ресей астық экспорттайтын әлемдегі 10 ірі мемлекеттің қатарында екенін атап өтті. Көршілес елдер дәл осы салада бәсекелес. Әлемдік нарыққа астық жеткізуде бірқатар проблема туындайды. Қазақстан Президенті жауапты министрліктер бірлесіп жоспарлау ісін қолға алуы қажеттігін айтты. Яғни өнім артығымен өндірілмеуі тиіс.

Ресейдің Қазақстанмен шекаралас аймақтарында Назарбаев мектептері ашылуы мүмкін. Қасым-Жомарт Тоқаев осы шаруаны қолға алу қажеттігін де айтты. Яғни гуманитарлық саладағы байланыс тереңдей түспек. Бұдан бөлек, екі елдің халқы бірлесіп тұтынатын өзен сулары ластанбауы тиіс. Экологиялық мәселе көрші мемлекеттерге ортақ.

Айта кетейік, екі ел басшылары өзара тауар айналымды төмендетпеуге уағдаласты. Қазір алыс-беріс көлемі 19 млрд АҚШ долларына жеткен.

Хабар 24 телеарнасы