387,38 428,91 6.08
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


В.Путин Қ.Тоқаевқа қандай сыйлық жасады

  • 251
  • UPD: 15:32, 08.11.2019
В.Путин Қ.Тоқаевқа қандай сыйлық жасады

Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли facebook-те жазды.

«Омбы қаласындағы ынтымақтастық форумының ресми шараларынан кейін мемлекеттер басшылары бір-біріне естелік ретінде сыйлық жасады. Владимир Путин Қасым-Жомарт Тоқаевқа мәрмәр мен малахиттан жасалып, күміспен күптеліп, алтынмен апталған шахмат тарту етті. Қазақстан Президенті ресейлік әріптесіне ұлт ұстазы, халқымыздың ұлы ойшылы Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай арнайы тарту-таралғы ретінде шығарылған Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» романының екі томын сыйлады», – делінген жазбада.

Хабар 24 телеарнасы