387,38 428,91 6.08
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


БҰҰ-Әйелдер құрылымының өкілі еліміздегі миссиясын аяқтады

  • 161
  • UPD: 17:43, 08.11.2019
БҰҰ-Әйелдер құрылымының өкілі еліміздегі миссиясын аяқтады

Қазақстан Республикасы сыртқы істер министрінің орынбасары Ержан Ашықбаев Қазақстандағы БҰҰ-Әйелдер құрылымының өкілі Илейн Конкиевичті еліміздегі қызметінің аяқтауына орай қабылдады, деп хабарлады mfa.gov.kz.

Е.Ашықбаев БҰҰ-Әйелдер құрылымына Қазақстанның әйелдерге қатысты кемсітушіліктің барлық нысанын жою туралы конвенция аясындағы міндеттемелерін орындау туралы бесінші мерзімдік баяндамасын қорғауға дайындық бойынша, сонымен қатар Бейжің декларациясы мен іс-әрекеттер тұғырнамасын жүзеге асыруда қосқан үлесін ерекше атай отырып, еліміздегі гендерлік саясатты ілгерілетуде Қазақстан Үкіметіне көрсеткен қолғабысы үшін алғыс білдірді.

Хабар 24 телеарнасы