384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елбасы бірқатар кездесу өткізді

  • 239
  • UPD: 21:38, 11.11.2019
Елбасы бірқатар кездесу өткізді

Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев МАГАТЭ-нің бұрынғы бас директоры, Нобель сыйлығының лауреаты Мұхаммед Әл-Барадей мен Ғаламдық қауіпсіздік институтының президенті Джонатон Граноффпен кездесті, деп хабарлайды «Хабар 24».

 «Астана клубының» кезекті отырысына келген меймандармен ядролық қарусыздандыру тақырыбында әңгіме өрбіді. Елбасы әсіресе, Әл-Барадейдің елімізде төмен байытылған уран банкін құруға қомақты үлес қосқанын атап өтті.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы:

– Мохаммед Эль-Барадеи превратил МАГАТЭ в ключевой орган, ответственный за нераспространение ядерного оружия. Мы с вами начинали создание банка низкообогащенного урана в Казахстане. Это было очень важным мероприятием. И уже первая партия низкообогащённого урана поступила в нашу страну. Вы хорошо знаете роль Казахстана в вопросе ядерного разоружения. Мы активно принимаем участие во всех вопросах, направленных на обеспечение ядерной безопасности.

Мұхаммед әл-Барадей, МАГАТЭ-нің бұрынғы бас директоры, Нобель сыйлығының лауреаты:

– Сізбен көрісіп отырғаныма қуаныштымын. Қазақстан ядролық қарусыздандыру саласында көшбасшылық қабілетке ие. Ядролық әлеуеттен бас тартып, Семей сынақ полигонын біржола жаптыңыздар. Енді осыны біз әлемге үлгі етіп, Қазақстан бастамаларын жергілікті және жаһандық деңгейде таныта білуіміз керек.

Елбасы «The national interest» журналының баспагерімен кездесті

Сондай-ақ, бүгін Елбасы «The National Interest» журналының баспагері, Ұлттық мүдделер орталығының президенті Дмитрий Саймспен кездесті. Тараптар халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылап, әлемдік державалар арасындағы текетіреске тоқталды. Елбасы Дмитрий Сеймстың «Астана клубына» америкалық әрі ресейлік сарапшы ретінде қатысуы маңызды мәнге ие деді.

Елбасы Еуропалық одақтың бұрынғы төрағасын қабылдады

Бұдан әрі басқосу Еуропалық одақтың бұрынғы төрағасы Жозе Мануэл Баррозумен жалғасты. Нұрсұлтан Назарбаев мейманның қызметте жүрген шағында Қазақстан мен Еуропалық одақ кеңейтілген әріптестік жөнінде келісім жасасқанын айтты. Әрі Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде ынтымақтастықты қалыптастыру маңызды міндет екенін де тілге тиек етті.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы:

– Мы с вами старые друзья. Во время вашего председательства в Европейской Комиссии мы подписали Соглашение о расширенном партнерстве. Как вы знаете, я являюсь почетным председателем ЕАЭС. И сейчас важно наладить сотрудничество нашей организации с Европейским союзом.

Жозе Маннуэл Барроза, Еуропалық комиссияның бұрынғы төрағасы:

– Еуропалық одақ Орталық Азиямен, оның ішінде Қазақстанмен байланысты нығайтуға зор қызығушылық танытып отыр. Сіздерді аймақтық деңгейде көшбасшы деп білеміз. Арадағы тығыз қарым-қатынасымызды ұдайы арттырып отыруымыз қажет.

Елбасы «JP Morgan Chase International» басшысымен кездесті

Елбасы «Астана клуб» отырысының тағы бір қатысушысы «JP Morgan Chase International» компаниясының басқарма төрағасымен кездесті. Нұрсұлтан Назарбаев пен Джейкоб Френкель ертең өтетін пленарлық жиынның маңызын айта келе, «Астана» қаржы орталығының одан әрі дамуы жөнінде де пікір алмасты.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы:

– Я очень рад приветствовать вас в Казахстане. Нам очень приятно, что в нашем форуме принимает участие выдающийся финансист, авторитетный ученый-экономист, успешный руководитель ведущей финансовой организации мира как Вы. Сегодня форум «Астана клуб» предоставляет возможность встречаться интеллектуалам, экономистам и политикам мира для обсуждения насущных проблем. Вы отметили, что МФЦА является важным трансформационным решением для Казахстана, который станет толчком для экономического развития. Мы работаем над развитием этой инициативы. Сейчас МФЦА занимает 61 место в глобальном индексе финансовых центров.

Хабар 24 телеарнасы