384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қ.Тоқаев Словенияның экс-президенті Д.Тюркпен кездесті

  • 214
  • UPD: 21:12, 11.11.2019
Қ.Тоқаев Словенияның экс-президенті Д.Тюркпен кездесті

Қасым-Жомарт Тоқаев «Astana Club» халықаралық пікірталас алаңына қатысу үшін Нұр-Сұлтан қаласына келген Словенияның бұрынғы Президенті Данило Тюркпен кездесу өткізді,  деп хабарлайды «Хабар 24».

Тараптар барлық сала бойынша, атап айтқанда, экономикалық бағыттағы көпжақты ынтымақтастықты нығайту қажеттігін сөз етті. Словениялық саясаткер 2020 жылдың маусым айында Нұр-Сұлтан қаласында өтетін Дүниежүзілік сауда ұйымының Министрлер конференциясы табысты болатынына сенім білдірді.

Хабар 24 телеарнасы