384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстан мен Иранның ынтымақтастық ахуалы талқыланды

  • 256
  • UPD: 19:51, 12.11.2019

Қазақстан Президенті сонымен қатар Иранның Сыртқы істер министрі Мұхаммед Джавад Зарифті қабылдады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тараптар екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі ахуалы мен перспективасын, сондай-ақ өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылады. Мұхаммед Джавад Зариф Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қазақстан астанасында өзіне көрсетілген қонақжайлылық үшін алғыс айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

-Биыл қазан айында Ереванда өткен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес аясында Президент Хасан Руханимен табысты келіссөз жүргіздік. Енді ирандық әріптесімді Нұр-Сұлтан қаласына өзіне ыңғайлы уақытта сапармен келуін күтеміз.

Мұхаммед Джавад Зариф, Иран ислам республикасының сыртқы істер министрі:

-«Astana Club» жұмысынан өте жақсы әсер алып отырмын. Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың форумның пленарлық отырысындағы баяндамасын және жиынның сындарлы атмосферасын жоғары бағалауға болады.

Хабар 24 телеарнасы