384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елбасы арпалысып жатқан әлем алпауыттарын тағы бір рет ымыраға келуге шақырды

  • 194
  • UPD: 22:01, 12.11.2019

Путин мен Зеленский жеке-дара кездесулері керек. Біздің ел тараптарды татуластыруға дайын.

Елордада өткен «Астана клуб» форумында Елбасы осылай деді. Нұрсұлтан Назарбаев Украинадағы шиеленісті тек тілдесу арқылы ғана шешуге болатынын айтты.

Ал, арпалысып жатқан әлем алпауыттары түптің-түбінде бір тоқтамға келеді. Тек кері тартпай, келісімге келу қажет. Тұңғыш Президент жаһандық сын-қатерлерге төтеп беретін бірнеше бастама көтерді.

Кескілескен ұрыс келмеске кетті. Енді әлемде соғыс болмайды. Белгілі саясаттанушы Френсис Фукуяма осылай топшылаған. Ойын тізіп, тіпті «Тарихтың ақыры» деген атаумен кітап қылып басты. Бірақ пайымы расталмады.

Қазір әлем – әлемтапырақ күйде. Алпауыттар айқасып жатыр. Сауда соғысы өршіп тұр. Мұның соңы – қасіретке ұласуы әбден  мүмкін.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы:

Мы наблюдаем масштабное возобновление конфликтов, геополитических противостоянии по всему миру. И уходящий 2019 год был полон драматических событий, которые существенно ухудшили атмосферу доверия и кооперация в глобальном масштабе.

Елбасының айтып отырғаны – ендігіде бәрін електен өткізу керек. Әйтпесе, қолды мезгілден кеш сермегендей боламыз. Қазір қарызға батқан елдер көп. Алыс-беріс азайды. Осының кесірінен, дамушы елдер дағдарып қалды. Алып құрлықта орналасқан мемлекеттерге ауыртпалық түсті. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы:

Соперничество между мировыми державами вышло на новый уровень. Взаимные санкции, торговые войны, стали нормальностью в текущих отношениях между США и Китаем. Агрессивная риторика, экономические санкции также стали основным языком общения между Западом и России.

Осындай келеңсіздіктен Таяу Шығыстағы жағдай одан бетер ушығып жатыр. Сирия мәселесі әлі шешімін таппады. Украина қақ бөлінді. Тіпті кейбір елдер антқа адал болмай шықты. Айталық, ядролық қаруды қолданбауға келіскен кейбір мемлекеттердің қазір райынан қайтып жатқаны анық байқалады.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы:

Недавний распад договора о ликвидаци ракет средней и меньшей дальнести нанес сокрушительный удар по системе глобальной региональной безопастности созданной во второй половине XX века. Этим был запушен очередной веток не контролируемый милителизаций на всем пространстве Евразии. В свою очередь, та называемые «пороговые страны» теряют стимулы об отказе от ядерного оружия, как гарантия своей безопасности и суверенитета.

Халықаралық келісімге қол қойғандардың – кейін керітартпалыққа салынғандары жөн емес. Оның жауапкершілігі болуы керек. Қазақстан - ядролық қаруды қолдануға қарсылық танытқан алғашқы мемлекет. Сондықтан Елбасы осы форумда ядросыз әлем үшін жаһандық көшбасшылардың альянсын құруды ұсынды.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы:

- В манифесте «Мир XXI век», с которым я выступал на одной из сессий ООН, я отмечал необходимость формирования географии устойчивого мира, прийти к 50-летию ООН без ядерного оружия. Задача приобретает особую актуальность. Мы видим, что в мире растет запрос на создание авторитетной, глобальной платформы для продвижения повестки ядерного разоружения и нераспространения. С учетом этого считаю необходимым инициировать создание глобального альянса лидеров за безъядерное оружие.

Қазақстанның мұндай бастама көтеруіне толық құқығы бар. Оны шетелден келген сақа сарапшылар да растап отыр. Біздің ел Иран ядролық келісімінің жүзеге асуына ықпалдасқан. Мұны Иран Ислам мемлекеті жоғары бағалайды.

Мохаммад Зариф, Иран Ислам Республикасының сыртқы істер министрі:

- Нұрсұлтан Назарбаевтың болашақты болжай алатын қабілеті бар. Көптеген бастаманың сәтті жүзеге асқанын көз көрді. Иран ядролық келісіміне де біраз үлесіңізді қостыңыз. Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөнінідегі келісімнің пайда болуына да мұрындық болдыңыз. Мұның өзі көп нәрсені аңғартады.

Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі келісімнің Еуразия құрлығындағы көкейкесті мәселелерді шешуге үлес қосып жатқаны белгілі. Бірақ мұнымен тоқмейілсіп қалуға болмас. Сондықтан Нұрсұлтан Назарбаев осы кеңесті Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымымен ұштастыру керек деді. Сонда ғана қос құрлықтағы қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, тұрақтылық орнатуға болады. Одан бөлек, Елбасы «Еуразиялық экономикалық одақ пен Еуропалық Одақ бірлесіп жұмыс істесе, түсер табыс толайым болар еді», деді.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы:

Предлагаю внедрить диалоговый механизм партнерства в ЕС и ЕАЭС, предусматривающий ежегодные саммиты между главами Европейских комиссий и Евразийской экономической комиссии. В новом своем статусе, я, как почетный Председатель высшего Евразийского экономического совета, готов оказать всестороннюю поддержку этому процессу. Уверен, что выгоды экономической кооперации принесут пользу всем участникам процесса.

Қаржы қысқан қазіргі тұста дамушы елдерге қамсыз отыруға болмайды. Қазір елімізде «Астана» халықаралық қаржы орталығы жұмыс істеп тұр. Ол Қазақстанның ғана емес, Орталық Азиядағы өзге мемлекеттердің инвестициялық әлеуетін арттыруға бағытталған. Бұл істе кәрі құрлық елдерімен байланыс берік болуы керек.

Джейкоб Френкель, «JP Morgan Chase International компаниясының басқарма төрағасы:

- Нұрсұлтан Назарбаев 2018 жылы халыққа жолдауында адами капиталды дамытқан мемлекет қана бәсекеге қабілетті болады деген. Адами ресурстарды дамыту арқылы елдің әлеуетін күшейтіп, экономикасын ілгерілетуге болады. Инвестиция – тек тұрақтылық бар жерге ғана құйылады. Сондықтан қаржыгерлер үшін жайлы ортада жұмыс істеу маңызды.

Қысылтаяң тұста керісуді қойып, келіссөз өткізу керек. Нұрсұлтан Назарбаев «текетіресті тек тілдесу арқылы ғана тоқтатуға болады» деді. Бір кездері арасынан қыл өтпестей болған Укранина мен Ресейдің қазір бет қаратпастай болғаны белгілі. Ондағы шиеленісті енді тек екі елдің басшысы ғана шеше алады. Олар жеке-дара кездесіп, бір келісімге келулері керек. Ал Қазақстан арағайындық танытуға дайын.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы:

Сейчас я встретился с господином Зеленским послушал его. Буквально вчера говорил с Владимиром Путиным на тему, как дальше решать эту проблему. Они апеллируют на запад Украины, предлагают Америке, Европейскому союзу, Нормандской четверке собраться и так далее. Я считаю, что нужна отдельная личная встреча президентов России и Украины, потому что решается только между двумя государствами, а не между всеми.

Қазақстан – Корей түбегіндегі текетіресті де тоқтатуға мүдделі. Соғыс соңы – кесапат. Майданда жеңген ел болмайды. Тараптар тек зардап шегеді. Осымен 5-рет өткен «Астана клуб» форумында сарапшылар өз ойларын ашық айтып, батыл талқылады. Мұндай алаң қазіргі уақытта керек-ақ.

Дастан Сейілханұлы, тілші:

Хәкім Абайдың айтқаны бар. «Заманға жаман күйлемек, замана оны илемек» - дейді. Данышпан ақынның осы сөзі әлемде болып жатқан қазіргі құбылыстың тамырын там басса керек. Жаһанда сенім дейтін ұғымның көмескіленіп жатқаны байқалады. Сетінеген соң байланыс та бірте үзілуде. Жиынды түйіндеген Елбасы тарихтың сыншы екенін айтып қалды. Заман өздігінен құбылмайды, оны адам құбылтады. Сондықтан кереғарлықтан кері кетіп, келісімге келетін кез жетті. Нұрсұлтан Назарбаев арпалысып жатқан әлем алпауыттарын тағы бір рет ымыраға келуге шақырды. Бұл үндеуге үн қосатындар әлі-ақ табылар.

Авторлары: Дастан Сейілханұлы, Арман Ақшабаев, Президент телерадио кешенінің көмегімен

Хабар 24 телеарнасы