386,20 429,31 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жоғары Рада депутаттары: Украина мен Ресей арасында татулық әлі орнамайды

  • 156
  • UPD: 10:06, 14.11.2019
Жоғары Рада депутаттары: Украина мен Ресей арасында татулық әлі орнамайды

Нұрсұлтан Назарбаевтың Украина мен Ресей арасындағы шиеленісті шешу жолындағы жігерлі жұмысын Жоғары Рада депутаттары оң бағалайды.

Бұл туралы Украинаның Парламент мүшелері айтты. Елдің шығысындағы соғыс басылар емес. Ал Ресеймен келісімге келу Украинаға оңай тиіп отырған жоқ. Депутаттар Нұрсұлтан Назарбаевың екі ел басшының кездесуін ұйымдастыру мен мемлекеттер арасындағы шиеленісті шешу жолындағы ұсынысына жоғары баға берді.

Александр Алексейчук, Украинаның Жоғары Рада депутаты:

- Укринаның Сыртқы істер министрлігі мұндай ұсыныстың мүмкіндігі шамалы дегенді айтты. Қазіргі күні біз Норманд келісімі бойынша жұмысты жалғастыруымыз керек. Нұрсұлтан Назарбаевтың бұл қадамы құптарлық, дегенмен біз Минскіде басталған келісім бойынша жұмысты аяқтағанымыз жөн. Біз Ресейге өте қарапайым талап қоямыз: екі ел арасындағы шекара қалыпты жұмысқа келсе және Украина аумағынан Ресей әскерлерін шығаруымыз қажет.

Даниил Гетманцев, Украина Жоғары Радасының депутаты:

Нұрсұлтан Назарбаев сұңғыла саясаткер. Менің жеке ойымды айтсам, беделді саяси тұлғаның Донбасстағы соғысты тоқтату жолындағы келісімге қатысқаны дұрыс. Біз қазір көмектен бас тартатын жағдайда емеспіз, өйткені біздің мақсатымыз – бейбітшілік.

Ал депутат Сергей Швец болса, Украина мен Ресей арасында татулық әлі орнамайды деген пікірде.

Сергей Швец, Украина Жоғары Радасының депутаты:

Шиеленістің оң шешім табуына ықпал ететін кезкелген бастаманы қолдаймын. Бұл жерде сұрақ, ондай келісім нәтиже бере ме? Ресей басшысымен қандай да бір уағдаластыққа келу мүмкін бе? Айталық, Норманд келісіміне қайта келу үшін Ресей Украинадан әскерін кері қайтарсын деген талап қойды. Украина талапты орындады. Ресей енді басқа талап қойып отыр. Мұның барлығы Украинаға байланысты бейбіт келесімге келмеудің жолы деп ойлаймын.

Хабар 24 телеарнасы