384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Дариға Назарбаева ресми сапармен Арменияға барды

  • 168
  • UPD: 12:01, 14.11.2019
Дариға Назарбаева ресми сапармен Арменияға барды

Парламент Сенатының төрағасы Дариға Назарбаева бастаған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының делегациясы Армения Республикасы Ұлттық жиналысының төрағасы Арарат Мирзоянның шақыруымен Армения Республикасына ресми сапармен барды.

Қазақстан Парламенті Сенаты төрағасының сапары бағдарламасында Армения Республикасы Ұлттық жиналысының төрағасы Арарат Мирзоянмен, премьер-министр Никол Пашинянмен және Президент Армен Саркисянмен кездесулері бар. Бұл туралы ҚР Парламент Сенатының баспасөз қызметі хабарлады.

Жүздесулерде Қазақстан мен Армения арасындағы екіжақты ынтымақтастық мәселелерін, сондай-ақ парламентаралық қатынастарды дамытудың келешегін талқылау жоспарланып отыр.

Хабар 24 телеарнасы