384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Брюссельде Қазақстан мен ЕО арасындағы ынтымақтастық талқыланды

  • 184
  • UPD: 13:56, 14.11.2019
Брюссельде Қазақстан мен ЕО арасындағы ынтымақтастық талқыланды

Брюссельде Қазақстан мен Еуропалық одақтың Сыртқы саясат өкілдері екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Басқосу EurActiv ақпарттық-сараптамалық порталы кеңсесінде өтті. Еліміздің делегация басшысы Василий Романенко Қазақстан мен Еуроодақ арасындағы кеңейтілген серіктестік және ынтымақтастық келісімшартын ұйымға мүше елдердің бәрі бекіткенін атап өтті. Енді тек Еуроодақ кеңесінің шешімі қалған.

Айта кетейік, Еуропалық одақ – Қазақстанның ең ірі инвестициялық серіктесінің бірі. Биылғы жылдың соңғы 9 айында екіжақты тауар айналымы 24 миллиард долларға жуықтаған.

Самюэль Довери Вестербай, Шығыс серіктестік кеңесінің атқарушы директоры:

- Еуропалық одақ пен Қазақстан ынтымақтастықты дамытуға мүдделі. Еуроодақ озық технологияларға ие болса, Қазақстан Еуропа мен Азия үшін маңызды нарық болып саналады. Екіжақты серіктестік туралы келісімшарт ынтымақтастықты одан әрі нығайта түсетініне сенімдімін.

Хабар 24 телеарнасы