384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ЕЭК министрі: Мәселелерді шешу үшін бизнеспен диалог қажет

  • 177
  • UPD: 22:40, 14.11.2019

Еуразиялық экономикалық комиссияның экономика және қаржылық саясат жөніндегі министрі Тимур Жақсылықов бастаған делегация Арменияның іскер қауымымен кездесті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Басқосуда тауар, қызмет, капитал және жұмыс күшінің еркін қозғалысын қамтамасыз ету жайы қаралып, Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы ортақ нарықтағы кедергілер талқыға түсті. 

Эмиль Степанян, «Экспорт Армения» сарапшылар қауымдастығының құрылтайшысы:

– Арменияның Еуразиялық экономикалық одақпен ортақ шекарасы жоқ. Бұл – одақ аумағына экспорттық жүгін жеткізгенде кедендік бақылаудан өтетін жалғыз мемлекет. «Жоғары Ларс» бекеті Арменияның Еуразиялық экономикалық одаққа жалғыз қақпасы. Бұл өте қиын бекет. Ауа райы мен тауда орналасуына байланысты жылына 40 күннен аса бұл бекет жабық тұрады. Бекеттегі екі жақ, Ресей де, Грузия да үнемі ауыр жағдайда еңбек етеді. Бірақ Армения экспортерлері тек Ресей жағына наразы. Грузия тарапы бірдей көлемдегі жүкті ресейліктерге қарағанда едәуір жылдам өткізеді.

Тимур Жақсылықов, ЕЭК экономика және қаржылық саясат жөніндегі алқа мүшесі:

– Біз бүкіл комиссия атынан келгендіктен, осы мәселелерді қарауымызға алып, Мәскеуге оралғанда комиссия ішіндегі өзге бөлімдермен оны талқылаймыз. Бұл сауалдардың көбісі бізге бұрыннан белгілі. Біртіндеп оларды шешіп жатырмыз. Әрине бар мәселенің түйіні әлі тарқаған жоқ, бірақ олар өз шешімін табады деген үмітіміз бар.

Хабар 24 телеарнасы