384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Дариға Назарбаева Армения президентімен кездесті

  • 198
  • UPD: 23:36, 15.11.2019

Ресми сапары аясында Дариға Назарбаева Армения президенті Армен Саркисянмен кездесті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Келіссөз барысында саясаткерлер туризм, ақпараттық технологиялар, тасымал мен логистика салаларындағы ынтымақтастық мәселелерін қозғады. Сенат спикері армян кәсіпкерлерін «Астана» халықаралық қаржы орталығы және «Aстана хаб» IT-стартаптарының технобағымен бірлесіп жұмыс істеуге шақырды. Армения президенті екі ел кәсіпкерлерінің өзара ынтымақтастықты дамыту ұсынысына қолдау білдірді. Оның айтуынша, бүгінде Қазақстан мен Армения мүмкіндікті толық қолдана алмай келеді. Әріптестікті нығайта түсудің әлі де қарайтын тұстары жеткілікті. Бұл азық-түлік қауіпсіздігі, қаржылық басқару және бірлескен мәдени шаралар өткізу. Енді тараптар осы бағыттар бойынша бірлескен жұмыс топтарын құрмақ.

Дариға Назарбаева, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:

- Тарихи тамырлас елдерміз. Осы күндері кездескен әріптестеріміздің барлығының айтқан сөздері, естеліктері, жеке басында ұшырасқан жағдайлары бәрі де осыған саяды. Яғни достығымыздың әріден келе жатқанын айғақтайды. Ереван университетінде профессорлар, студенттермен кездесіп түркі мәдениеті мен тарихына, тіліне қандай көңіл бөлетіні үлкен әсер етті.

 

Хабар 24 телеарнасы