386,20 429,31 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Орталық Азия елдерінің сыртқы істер министрлері Ташкентте кездесті

  • 228
  • UPD: 15:26, 16.11.2019

Ташкентте Орталық Азия елдерінің сыртқы істер министрлері бас қосты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жиында осы елдердің көшбасшылары қатысатын екінші консультативтік кездесуге дайындық барысы талқыланды. Сосын ведомство басшылары өңірлік әріптестікті тереңдету жайын талқылады. Қазір Орталық Азияда өзара сенім, достық пен ынтымақтастықтың жаңа үлгісі қалыптасқаны айтылды. Сауда айналымының артуы және көлік қатынасын дамытуда атқарылып жатқан жұмыстар көңіл көншітеді. Министрлер осы қарқынды бәсеңдетпеуге келісті. 

Хабар 24 телеарнасы