386,20 429,31 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстан Арменияға жеткізілетін экспорт номенклатурасын кеңейтеді

  • 176
  • UPD: 15:05, 16.11.2019
Қазақстан Арменияға жеткізілетін экспорт номенклатурасын кеңейтеді

Отандық экспорттаушылар Армения нарығына қызығушылық танытып отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Еліміз екі мемлекет арасындағы тауар айналымын арттыру үшін экономиканың жекелеген салалары бойынша тауар түрлерін көбейтеді. Бұл туралы Қазақстанның Сенат төрағасы Армения премьер-министрі Никол Пашинянмен кездесуінде мәлімдеді. Дариға Назарбаева көлік құрастыру, металлургия, азық-түлік өндірісі, құрылыс материалдары мен химия өнімдері бойынша өзара сауда-саттық көлемін арттыру және тауар айналымын түрлендіру қажеттігін айтты. Былтыр екі ел арасындағы сауда-саттық 33,9% процентке артқан. Армения премьер-министрі де екі елдің экономикалық байланысына тоқталып, өзара тауар айналымын одан әрі арттырудың әлеуеті зор екенін атап өтті. Кездесуде мәдени-гуманитарлық саладағы байланыс та назардан тыс қалған жоқ.

Хабар 24 телеарнасы