384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Назарбаев ұсынысы Ресей мен Украина қатынасын жақсартуы мүмкін – сарапшы

  • 152
  • UPD: 14:31, 20.11.2019

Қазақстанның ТМД кеңістігінде беделі жоғары және Ресеймен де, Украинамен де достық байланыс орнаған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сол себепті Нұрсұлтан Назарбаевтың Владимир Путин мен Владимир Зеленский арасында кездесу ұйымдастыру туралы ұсынысы екі ел арасында қарым-қатынастардың жақсаруына септігін тигізуі мүмкін. Федерация кеңесінің халықаралық істер жөніндегі комитет төрағасының орынбасары Владимир Джабаров осындай пікір білдірді. Ресейлік саясаткердің айтуынша, бұл кездесу өтсе, екі мемлекет басшылары Ресей мен Украина арасында әуе мен теміржол қатынасын қайта қалпына келтіру және Қырым каналы арқылы суды жеткізу мәселелерін қарастыруы мүмкін.

Владимир Джабаров, Федерация кеңесінің халықаралық істер жөніндегі комитеті төрағасының орынбасары:

- Бұл – керемет бастама. Нұрсұлтан Әбішұлы Ресей мен Украина басшыларының кездесуін өткізуге арағайындығын ұсынғаны, екі басшының тікелей жүздесуінің маңыздылығын түсініп отырғанын көрсетеді. Президентіміз Владимир Путин осы үшін қазақ халқының ұлы қайраткеріне ерекше алғысын білдірді. Қазір күн тәртібінде «Нормандық төрттік» кездесуі тұр. Одан кейін бізге де, Украина халқына да жақын алаңды пайдалану жақсы болар еді.

Хабар 24 телеарнасы