384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қалмұханбет Қасымов ТМД мүше-мемлекеттері қауіпсіздік кеңестері хатшыларының 7-отырысына қатысты

  • 177
  • UPD: 17:55, 20.11.2019
Қалмұханбет Қасымов ТМД мүше-мемлекеттері қауіпсіздік кеңестері хатшыларының 7-отырысына қатысты tengrinews.kz

20 қараша күні Мәскеу қаласында Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Қалмұханбет Қасымов Тәуелсіз мемлекеттер достастығының мүше-мемлекеттері қауіпсіздік кеңестері хатшыларының 7-отырысына қатысты, деп хабарлады akorda.kz.

Жиын барысында ТМД кеңістігінде қауіпсіздікке және тұрақтылаққа бағытталған қазіргі сын-тегеурін мен қауіп-қатерлер жағдайындағы өңірлік ынтымақтастықтың өзекті мәселелері қаралды.

Соның ішінде шетелдік лаңкестерден төнетін қауіп-қатерлерді бейтараптау бағыттарды арттыруды және оларды ТМД елдерінің аумағына кіргізбеу жөніндегі ынтымақтастықтың қажетті шаралары талқыланды. Химиялық және биологиялық қауіптер, Ауғанстандағы ахуал, киберқауіпсіздік саласындағы қазіргі тенденциялар бойынша пікір алмасты.

Қ.Қасымов Сирия мен Ауғанстандағы ахуалдың шиеленісуіне байланысты бірлескен әрекеттерді, діни-экстремистік және террористік ұйымдардың ықпалы күшейгенін атап өтіп, «ТМД кеңістігінде сыртқы қауіп-қатерлерді бағалау туралы» баяндама жасады.

Қалмұханбет Қасымов шара барысында Беларусь Республикасы Қауіпсіздік кеңесінің мемлекеттік хатшысы С.Засьпен, Ауғанстан Ислам Республикасы Президентінің ұлттық қауіпсіздік бойынша кеңесшісі Х.Мохибпен, Өзбекстан Президенті жанындағы Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы В.Махмудовпен және Армения Республикасы Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы А.Григорянмен екіжақты кездесулер өткізді.

Тараптар өңірлік және әлемдік қауіпсіздіктің негізгі мәселелері бойынша пікір алмасып, аталған бағытта ынтымақтастық орнату барысын талқылады. Сондай-ақ ынтымақтастық бойынша бірқатар құжаттарға қол қойды.

Хабар 24 телеарнасы