384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елбасы Ж.Асановты қабылдады

  • 166
  • UPD: 20:40, 20.11.2019

Елбасы Жоғарғы cот төрағасы Жақып Асановты қабылдады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Кездесу барысында соттар мен жалпы сот жүйесін реформалау нәтижелері талқыланды. Қазақстанның Тұңғыш Президенті заң үстемдігін қамтамасыз ету және халықтың сотқа деген сенімін арттыру бойынша іс-шараларды жүзеге асырудың маңыздылығын атап өтті. «Істеліп жатқан жұмыстың бағыты дұрыс. Бүгінгі таңда судьялар алдында күрделі міндеттер тұр. Халық әділдік іздеп сотқа жүгінеді. Ең бастысы – сот әділдігін қамтамасыз ету. Барлығы заң аясында болуы шарт», – деді Елбасы.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы:

– Мына жасалып жатқан жұмыстың бәрінің бағыты дұрыс. Нәтижесі де бар. Енді біздің жететін шыңымыз ол халық әділеттік іздеп қайда барады, ол сотқа барады. Сол кезде қамқорлық жасап, әділ шешім шығарып отырса заң бар ғой, заң бойынша жұмыс істеуіміз керек. Егер де халықтың көңілі мына соттарға барсақ мәселеміз шешіледі әділетті шешіледі дегенге жеткізсек «верховенство закона» дегеніміз сонда болады.

Жақып Асанов, ҚР Жоғарғы сотының төрағасы:

– Былтыр сіз жүктемені азайтыңыздар деп айтқансыз. Біз төрт жарым миллион материал мен істі қарасақ, төрт жарым миллион, биыл үш жарым миллионға түсті. Менің болжамым бойынша келесі жылы екі жарым миллионға түсеміз. Өйткені артық керек емес жұмыстан арылып жатырмыз. Одан адамдардың құқықтарына нұқсан келмейді. Қайта сот жүйесі, халық ұтады. Сол бағытта жұмыс істеп жатырмыз.

Хабар 24 телеарнасы