384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мұхтар Тілеуберді Канада премьер-министрінің арнайы өкілімен кездесті

  • 131
Мұхтар Тілеуберді Канада премьер-министрінің арнайы өкілімен кездесті

Қазақстан Республикасының сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Нұр-Сұлтанға жұмыс сапарымен келген Канада премьер-министрінің Еуропалық Одақ және Еуропа бойынша арнайы өкілі Стефан Дионмен кездесті.

Қазақстанның сыртқы істер министрі Канаданың премьер-министрі Джастин Трюдо бастаған Либералды партияны жақында өткен парламенттік сайлаудағы жеңісімен құттықтады. 

Тараптар Қазақстан мен Канада арасындағы экономикалық ынтымақтастықтың табысты дамып келе жатқандығын атап өтті.

Канада премьер-министрінің арнайы өкілі елде шетелдік инвесторларды тарту үшін жасалған инвестициялық мүмкіндіктерге жоғары баға берді, сондай-ақ Оттаваның Нұр-Сұлтанмен сындарлы және өзара тиімді қатынастарды одан әрі орнатуға деген ұмтылысын атап өтті.

Екі мемлекет арасындағы визалық режимді жеңілдетудің маңыздылығы атап өтілді.

Тараптар сондай-ақ халықаралық аренадағы саяси өзара іс-қимылдың перспективаларын талқылады.

Ақпарат көзі: ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.

Хабар 24 телеарнасы