432,17 507,70 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Н.Нығматулин ТМД ПАА-ның мерейтойлық сессиясына қатысады

  • 500
Н.Нығматулин ТМД ПАА-ның мерейтойлық сессиясына қатысады

Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин 21-22 қарашада Санкт-Петерборда өтетін ТМД Парламентаралық Ассамблеясының (ТМД ПА) шараларына қатысады.

ТМД ПА-ның биылғы күзгі сессияның басты ерекшілігі болып мерейтойлық 50-ші пленарлық отырысы саналмақ. Күн тәртібінде ТМД-да 2020-2022 жылдарға арналған модельдік заң шығарудың перспективалық жоспарының жобасы, қоршаған ортаға келтірілген залалды бағалау туралы модельдік заң, ұлттық экологиялық қауіпсіздік орталықтарын ұйымдастыру бойынша Ұсыныстар, трансшекаралық ақпарат алмасудағы электрондық нотариаттық іс-әрекеттер туралы модельдік заңның және басқа да заң актілері бар.

Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулин 50-ші жалпы отырыста сөз сөйлейді, сондай-ақ ТМД ПАА Кеңесінің отырысына қатысады. Н.Нығматулин сонымен қатар ТМД ПАА-ның күзгі сессиясы аясында бірқатар екіжақты кездесу өткізеді.

Ақпарат көзі: parlam.kz

Хабар 24 телеарнасы