386,20 429,31 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізге ресми сапармен Швейцария президенті келді

  • 140
  • UPD: 12:24, 22.11.2019

Елімізге Швейцария конфедерациясының президенті Ули Маурер ресми сапармен келді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сәлден кейін Ақордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездеседі. Тараптар шағын және кеңейтілген құрамда келіссөздер жүргізіп, екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылайды.

Рауан Мыңбаев, тілші:

– Бүгін Ақ ордада Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев пен Швейцария конфедерациясының президенті әрі қаржы министрі Ули Маурер кездеседі. Келіссөздер шағын және кеңейтілген құрамда өтеді деп жоспарланып отыр. Дәл қазір Ақ ордада осы салтанатты қабылдау рәсіміне дайындық жүріп жатыр. Құрмет қарауылының сарбаздары осы жерде. Ақ орданың басты кіреберісіне қызыл кілем төселген. Президент оркестрі де қызу дайындыққа кірісті. Сәлден кейін осы жерде екі елдің әнұраны орындалып, ресми делегациялар бір-бірімен қол алысып, көріседі. Айта кетейік, бүгін келіссөздер барысында сауда экономикалық, саяси, гуманитарлық, инвестициялық бағытта мәселелер ортаға салынады.

Хабар 24 телеарнасы