384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Нұрсұлтан Назарбаев Швейцария президентімен кездесті

  • 166
  • UPD: 21:05, 22.11.2019

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Швейцария президентімен кездесті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тараптар екі ел байланысын нығайту жайын сөз қылды. Швейцария - экономикасы қуатты мемлекет және Қазақстанның басты серіктестерінің бірі. Сондықтан қарт құрлықтағы бұл елмен өзара қарым-қатынасты жақсарту өте маңызды. Тұңғыш Президент екі ел арасын одан әрі жақындататын салалар мен жобалар көп деді. Ули Маурер бұған Швейцария елі де мүдделі екенін жеткізді.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы:

– Я приветствую Ваш визит в Казахстан. Я многократно посещал вашу страну. Швейцария – один из крупных и важных торговых партнеров Казахстана. Ваша страна всегда поддерживала нас. Казахстану необходимо продолжать налаженное сотрудничество. У нас есть много проектов, которые могут заинтересовать швейцарский бизнес.

Ули Маурер, Швейцария президенті:

– Екі мемлекет арасында достық қарым-қатынас орнаған. Бүгін таңертең бірнеше маңызды кездесу өткіздім. Қазақстан мен Швейцария арасындағы байланысты нығайтуға бағытталған келісімдер жасалды. Бұл біз үшін өте маңызды.

Хабар 24 телеарнасы