384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Консулдық қызмет департаментінде методикалық орталық ашылды

  • 125
  • UPD: 18:39, 23.11.2019
Консулдық қызмет департаментінде методикалық орталық ашылды

ҚР Сыртқы істер министрлігінің Консулдық қызмет департаментінде министрлік басшылығының қатысуымен методикалық орталықтың салтанатты ашылу рәсімі  өтті.

Методикалық орталық еліміздің сыртқы саясат саласындағы тәжірибелі дипломаттар жас әріптестері мен мамандарға өздерінің кәсіби білімі және тәжірибесімен бөлісуі, жалпы консулдық саладағы біліктілікті арттыру, консулдық қызметтің негізгі аспектілері бойынша курстар өткізу алаңы ретінде пайдаланылады. Сондай-ақ, осы орталық шеңберінде жалпы консулдық сала тұрғысынан өзекті тақырыптарды қамтитын дәрістер өткізу жоспарланған. 

Осыған байланысты аталған курс ҚР СІМ Консулдық қызмет департаментіне жаңадан жұмысқа орналасқан қызметкерлерге және елшіліктер мен консулдық мекемелеріне ұзақ мерзімді іс-сапарға жіберілетін консулдарға тағылымдамадан өту және біліктіліктерін арттыру үшін пайдалы болатынына сенімдіміз.

Ақпарат көзі: ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.

Хабар 24 телеарнасы