384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Нұр-Сұлтанда Сирия мәселесі бойынша кезекті отырыс өтеді

  • 138
  • UPD: 17:38, 25.11.2019
Нұр-Сұлтанда Сирия мәселесі бойынша кезекті отырыс өтеді

ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров 10-11 желтоқсан күндері елордада Сирия мәселесі бойынша кезекті халықаралық жоғары деңгейдегі ХІV кездесу өтетінін мәлім етті, деп хабарлайды Елорда Инфо.

«Оған кепілгер елдер – Иран, Ресей, Түркия, Сирия Үкіметі, Сирия қарулы оппозициясы делегациясы қатысады деп жоспарланып отыр. Бақылаушылар ретінде БҰҰ, Иордания, Ливан және Ирактың жоғары өкілдері болмақ. Отырыстың күн тәртібінде мынадай мәселелер қаралады: Сириядағы ахуал, Ифрат өзенінің арғы жағы және Идлиб мәселелеріне басымдық, тұтқындарды босату және із-түзсіз жоғалған адамдарды іздестіруді қоса алғанда сенім шаралары, босқындарды қайтару және мемлекет ішінде қоныс аударған тұлғалар контексінде Сирияға кешенді гуманитарлық көмек көрсетуді жандандыру, оның ішінде халықаралық конференция өткізу туралы тиісті бастамаларды талқылау, Конституциялық комитеттің іске қосылуы аясында саяси үдерістерді ілгерілету», – дейді Айбек Смадияров.

ҚР СІМ өкілінің айтуынша, кездесу алаңында БҰҰ мен халықаралық Қызыл Крест комитетінің кепілгерлері мен сарапшыларының қатысуымен күшпен ұсталып отырған адамдарға арналған жұмыс тобының оныншы отырысын өткізу жоспарланып отыр.

Хабар 24 телеарнасы