384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Марат Тәжин ҚР Чехиядағы елшісі қызметіне тағайындалды

  • 133
  • UPD: 14:59, 26.11.2019
Марат Тәжин ҚР Чехиядағы елшісі қызметіне тағайындалды tengrinews.kz

Мемлекет басшысының Жарлығымен Марат Мұханбетқазыұлы Тәжин Қазақстан Республикасының Чех Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалды.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.

Марат Тәжин 1960 жылы 8 сәуірде Ақтөбе қаласында дүниеге келген. Әлеуметтану ғылымдарының докторы, профессор.

1981 жылы Алматыдағы халық шаруашылық институтын «экономист» мамандығы бойынша бітірді. Ұлыбританиядағы Лондон университетінде тәжірибе алған.

Әртүрлі жылдары Қазақстан президентінің мемлекеттік кеңесшісі, Қазақстан президентінің ұлттық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі көмекшісі, қауіпсіздік кеңесінің хатшысы, сыртқы істер министрі, мемлекеттік хатшы қызметтерін атқарды.

Хабар 24 телеарнасы