413,12 452,00 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Nur Otan партиясы аймақтық филиалдарының өкілдері бас қосқан жиынның видеосы жарияланды

  • 693
  • UPD: 14:03, 26.11.2019

Елбасының баспасөз қызметі Нұрсұлтан Назарбаевтың «Nur Otan» партиясы облыстық филиалдары өкілдерімен кездесуінің видеосын жариялады.

Отырысқа Nur Otan партиясының Парламент Мәжілісіндегі Фракция депутаттары, мәслихат фракцияларының хатшылары мен жетекшілері қатысты. Кездесу барысында партия төрағасының бірінші орынбасары Б.Байбек және партия филиалдарының өкілдері баяндама жасады. Баяндамашыларды тыңдаған соң, Елбасы Nur Otan партиясының қалыптасуы мен дамуына үлес қосқан барлық мүшелерінің еңбегін атап өтті.

Хабар 24 телеарнасы