384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Президент: стратегиялық маңызы зор мақсаттарға қол жеткізу үшін сыртқы жағдайлар да қолайлы болуы керек

  • 137
  • UPD: 16:46, 26.11.2019
Президент: стратегиялық маңызы зор мақсаттарға қол жеткізу үшін сыртқы жағдайлар да қолайлы болуы керек informburo.kz

2019 жыл халықаралық деңгейдегі көптеген табысты кездесулерге де толы болды. Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев Қазақстанда аккредиттелген шет елдердің дипломатиялық миссияларының басшыларымен кездесуде осылай деді.

Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook парақшасында хабарлады.

«Стратегиялық маңызы зор мақсаттарға қол жеткізу үшін сыртқы жағдайлар да қолайлы болуы керек.Тұңғыш Президентіміздің салиқалы саясатының арқасында еліміз халықаралық алаңда лайықты орын алды.
Мемлекетіміз жаһандық жағдайға бейімделді», - деді Президент.

Сындарлы ынтымақтастықты нығайту мақсатында Ресейге, Өзбекстанға, Қытайға ресми сапармен барғанын да айтып өтті.

«Келіссөздер өте нәтижелі өтті. Шанхай ынтымақтастық ұйымының, Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің, Еуразиялық экономикалық одақтың, Тәуелсіз мемлекеттер достастығының саммиттеріне қатыстым. Жыл соңына дейін Қырғызстан мен Германияға сапарларым жоспарланып отыр. Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының 74-сессиясына қатысып, сөз сөйлеп, соның аясында бірқатар елдің басшыларымен келіссөздер жүргіздім.Биыл Қазақстанға ресми сапармен Корея Республикасы, Грузия, Армения, Моңғолия, Беларусь және Швейцарияның мемлекет және үкімет басшылары келді. Осы сапарлар мен кездесулер өзара ықпалдастықтың негізгі бағыттарын айқындауға жақсы мүмкіндік тудырды», – деді Қ.Тоқаев кездесу барысында.

Хабар 24 телеарнасы