384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада «Президенттік институт: қазақстандық үлгі» халықаралық конференциясы өтуде

  • 126
  • UPD: 15:11, 27.11.2019

Келесі жылы елімізде президенттік басқару институтының құрылғанына 30 жыл толады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осы уақыт ішінде Қазақстан саяси, экономикалық және әлеуметтік тұрғыдан дамыған елге айналды. Бұл Тәуелсіз Қазақстанның негізін қалаушы, Тұңғыш Президент - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ерен еңбегінің жемісі. «Президенттік институт: Қазақстандық модель» атты халықаралық парламенттік конференциясына қатысушылар осылай деп пікір білдірді. Басқосуға қос парламенттің депутаттары, Әзербайжан, Болгария, Түркия, Татарстан, Қырғызстан, Моңғолия, Сербия, Франция парламентінен өкілдер қатысты. Сондай-ақ шараға АҚШ пен Швециядан шетелдік сарапшылар шақырылды. Форумға Біріккен Ұлттар Ұйымы даму бағдарламасы, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы Түркітілдес мемлекеттердің Парламенттік Ассамблеясы мен Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңес өкілдері де келді.

Нұрлан Нығматулин, ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы: 

– Осы 30 жылда барлық реформалар жоғары деңгейде орындалып, Қазақстан аз уақыттың ішінде саяси және экономикалық, әлеуметтік табысты мемлекетке айналды. Бұл Тәуелсіз Қазақстанның негізін қалаушы, Тұңғыш Президент - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың көреген саясатының батыл батыл қадамының және бірлігі жарасқан халқымыздың ерен еңбегінің жемісі екені сөзсіз. Бүгінде Елбасының бастамаларын Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жалғастырып, еліміздің стратегиялық жоспарларын әрі қарай жүзеге асыруда.

 

Хабар 24 телеарнасы