384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Н.Нығматулин: Қазақстанның тұрақты дамуы – Елбасының ерен еңбегі

  • 155
  • UPD: 16:02, 27.11.2019

Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулиннің пікірінше, тәуелсіз Қазақстанның барлық табыстары – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың халқын ортақ мақсатқа біріктірген көреген саясатының жемісі.

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласында өтіп жатқан «Президентттік институт: Қазақстандық модель» конференциясын ашқан Мәжіліс төрағасы жыл сайын Президент күні қарсаңында өткізіліп келе жатқан бұл конференция бүгінде тәуелсіз Қазақстанның жеткен табыстары туралы халықаралық деңгейде диалог құратын ерекше форумға айналғанын айтты.

Н.Нығматулин атап өткендей, алдағы жылы біздің елімізде Президенттік басқару институтының құрылғанына тура 30 жыл толады. Бұл біздің егемен еліміз үшін айтулы белес және тарихи кезең.

– Осы 30 жылда барлық реформалар жоғары деңгейде орындалып, біздің Қазақстанымыз аз уақыттың ішінде саяси, экономикалық және әлеуметтік табысты мемлекетке айналды. Бұл тәуелсіз Қазақстанның негізін қалаушы – Тұңғыш Президентіміз, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың көреген саясатының, батыл қадамының және бірлігі жарасқан халқымыздың ерен еңбектерінің жемісі екені сөзсіз. Бүгінде Елбасының бастамаларын Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев одан әрі жалғастырып, еліміздің стратегиялық жоспарларын әрі қарай жүзеге асыруда, – деді Нығматулин өз сөзінде.

Конференция жұмысына Сенат пен Мәжіліс депутаттары, сондай-ақ Әзербайжан, Болгария, Қырғызстан, Моңғолия, Сербия, Татарстан, Түркия елдерінің парламент өкілдері қатысуда. Сонымен қатар форумға БҰҰДБ, ЕҚЫҰ, ТүркПА, ҰҚШҰ халықаралық ұйымдар мүшелері, АҚШ, Швеция басқа да шетелдік сарапшылар келген.

Конференция жұмысы екі панельдік сессия бойынша өтеді. Тақырыптары: «Елбасы және қазақстандық парламентаризмнің дамуы», «Ақорда: көпвекторлы бағыт».

Ақпарат көзі: Мәжілістің баспасөз қызметі

Хабар 24 телеарнасы