384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстан және Қырғызстан президенттері БАҚ өкілдеріне бірлескен мәлімдеме жасады

  • 110
  • UPD: 17:58, 27.11.2019

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Бішкекке барды. Мемлекет басшысын Қырғыз елінің Президенті Сооронбай Жээнбековтің өзі күтіп алды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қасым-Жомарт Тоқаев сапар барысында саяси репрессия құрбандарына арналған «Ата-Бейіт» ұлттық-тарихи мемориалы мен Шыңғыс Айтматовтың ескерткішіне барып, гүл шоқтарын қойды. Ал, «Ала-Арча» сарайында Қазақстан Президентінің құрметіне арналған салтанатты шара өтті. Онда құрметті қарауыл сап түзеп, екі елдің делегациясы бір-бірімен танысты. Салтанатты шарадан соң шағын құрамдағы келіссөздер жүргізілді. Онда барлық саланы қамтитын мәселелер жан-жақты талқыланды. Ал, одан кейін екі мемлекет делегацияларының қатысуымен Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы Жоғары мемлекетаралық кеңесінің кезекті бесінші отырысы өтті. Нәтижесінде бірқатар құжаттарға қол қойылды. Сондай-ақ, Мемлекет басшылары бұқаралық ақпарат құралдарына бірлескен мәлімдеме жасады.

Айта кетейік, Қазақстан Қырғызстанның ең басты сауда-экономикалық және инвестициялық серіктестерінің бірі. Өткен жылы өзара сауда көлемі 13,1%-ке өсіп, 865,3 млн долларға жетті.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының президенті:

- Біздің арадағы тауар айналымы 3 жылдан бері тұрақты өсіп келеді. 2015-2018 жылдар аралығында алыс-беріс 30%-ке өсіп, 900 млн доллар болды. Қазақстан Қырғызстан экономикасына 1 млрд доллардан астам қаржы құйғандықтан, ірі инвесторлардың бірі саналады. Қырғызстанда Қазақстанның 2000-нан астам кәсіпорны жұмыс істеп тұр. Олар өңірлердің әлеуметтік саласын дамытуға белсенді атсалысады. Жұмыс орындарын ашып жатыр. Қаржы құю және жаңа технологияларды енгізу жұмыстарына қарқын береді. Түрлі салалардың дамуына үлес қосады. Сондықтан Қырғыз Үкіметі алдағы уақытта да қазақстандық инвесторларға нақты көмек көрсетіп, қолайлы жағдай жасайды деген үміттеміз.

Сооронбай Жээнбеков, Қырғызстан Республикасының президенті:

- Біздің бүгінгі келіссөздеріміз Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы қарым-қатынасты жаңа, сапалы даму деңгейіне көтергеніне сенімдіміз. Қырғыз бен қазақ елінің стратегиялық әріптестігі мен одақтастығы екі ел халқының мүддесі үшін әрі қарай тереңдей түсетініне сенеміз. Бүгін бірқатар екіжақты құжаттарға қол қоямыз. Жоғары мемлекетаралық кеңестің нәтижесібірлескен декларация, 2020-2022 жылдарға арналған екі ел арасындағы әріптестікті дамыту туралы кешенді бағдарлама мен өзге де маңызды құжаттар.

Хабар 24 телеарнасы