384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Асқар Мамин құрылыс саласын дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді

  • 107
  • UPD: 17:54, 27.11.2019
Асқар Мамин құрылыс саласын дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді

ҚР премьер-министрі Асқар Мамин уәкілетті министрліктердің, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының (ҰЭП) басшылары мен ҚР құрылыс бизнесі өкілдерінің қатысуымен құрылыс саласын дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді.

«Құрылыс секторы – Қазақстан экономикасының өсімі мен оны әртараптандырудың негізгі драйверлерінің бірі. Бүгінде қазақстандық құрылыс компанияларының бәсекеге қабілеттілігі жеткілікті, олар құзыреттерін арттырып, халықаралық нарықтарға шығуы, құрылыс материалдарын ғана емес, көрсететін қызметтерін де экспорттауы қажет», – деді А.Мамин.

Құрылыс секторының өсім қарқыны биылғы 10 айдың қорытындысы бойынша 12,7% құрады. Еліміздің ЖІӨ құрылымындағы саланың үлесі 5,5% құрайды. Құрылыс саласы халықты жұмыспен қамту тұрғысынан ең ірі салалардың бірі, мұнда 641,4 мың адам жұмыс істейді. Бүгінгі таңда Қазақстанда негізгі құрылыс материалдарының өндірісі ретке келтірілген.

Кеңесте құрылыс материалдарының отандық өндірушілерін қолдау және құрылыс индустриясындағы қазақстандық қамту үлесін арттыру, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі, мемлекеттік бақылау және техникалық қадағалау саласындағы заңнамалық базаны жетілдіру жөніндегі шаралар қаралды.

Ақпарат көзі: ҚР премьер-министрінің баспасөз қызметі

Хабар 24 телеарнасы