384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жансейіт Түймебаев Татарстанның Мемлекеттік кеңес төрағасымен кездесті

  • 98
  • UPD: 17:58, 27.11.2019
Жансейіт Түймебаев Татарстанның Мемлекеттік кеңес төрағасымен кездесті

Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Жансейіт Түймебаев та Татарстан Мемлекеттік кеңесінің төрағасы Фарид Мұхаметшинмен кездесті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жиын барысында екі ел арасындағы берік достық қарым-қатынасты сақтау маңызды екені айтылды.

Айта кету керек, татар мәдениетінің фестивалі мен татар музыкасының концерті Алматыда 2020 жылы өтеді. Жансейіт Түймебаевтың айтуынша, татар этносы елдің қоғамдық өмірінде белсенді рөл атқарады. Қазақстанда 200 мыңнан астам этникалық татар тұрады. Бірқатар қалаларда татар тілін үйрену бойынша жексенбілік мектептер ашылды. «Яшьлек» газеті шығарылады, «Новый век» татар спутниктік телеарнасының корпусы ашылды. Фарид Мұхаметшин әріптестеріне шақырғаны үшін алғысын білдірді.

Фарид Мұхаметшин, Татарстан Республикасы Мемлекеттік кеңесінің төрағасы:

- Ол сіздер сияқты Ассамблея құруды айтты. Құрдық, бірақ ол үлкен дәрежеде болмай тұр. Біз қауымдастық мүшесі қатарынан Парламент депутаттарын сайлай алмаймыз. Сіздерде 9 адам бар. Бұл да үлкен іс. Бұл диаспораға деген сенім.

Хабар 24 телеарнасы